12 қазаннан бастап "Joint Resources" АҚ KZ1C00001510 (JRES) жай акциялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санатынан KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "акциялар" санатына ауыстырылды

11.10.21 17:33
/KASE, 11.10.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2021 жылдың 11 қазанынан бастап Joint Resources" АҚ (Алматы) KZ1C00001510 (JRES) жай акциялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санатынан КASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "акциялар" санатына ауыстырылды. Листингілік комиссяиның аталмыш шешімі 2021 жылдың 12 қазанынан бастап күшіне енгізіледі. KASE 2021 жылдың 05 қазанындағы қорытындысында, "Joint Resources" АҚ АҚ және оның бағалы қағаздарын тексеру қорытындысы бойынша Листингілік ережелермен белгіленген аталмыш алаңның KASE ресми тізімінің негізгі алаңына енгізу үшін өлшемдер мен талаптарға компанияның және оның аталмыш облигациялары "Joint Resources" АҚ АҚ сату көлеміне талапқа сәйкессіздігі анықталды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде және Листингілік Ережелердің 17 - бабы 1 -тармағының 3) тармақшасына сәйкес аталған акциялар KASE ресми тізімінің балама алаңындағы «акциялар» секторына ауыстырылды. [2021-10-11]