"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

01.10.21 17:36
/KASE, 01.10.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 55 000 000 дана; - компанияның 53 550 001 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2021-10-01]