28 қыркүйектен бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" ШҚҰ" ЖШС KZ2P00007818 (MFSCb1) және KZ2P00007826 (MFSCb2) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

28.09.21 09:46
/KASE, 28.09.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 15 шілдесіндегі шешімімен "Swiss Capital (Свисс Капитал)" ШҚҰ" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар "санаты бойынша енгізілді: - KZ2P00007818 (MFSCb1; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон облигацияларын орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360); - KZ2P00007826 (MFSCb2; $100, $10,0 млн; 2 жыл; тоқсандық купон, жартыжылдық купон облигацияларын орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360). Листинг комиссиясының осы шешімі 2021 жылдың 28 қыркүйегінен бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/MFSC/ [2021-09-28]