"Сентрас Секьюритиз" АҚ "Банк "Bank RBK" АҚ KZ2C00002954 (INBNb4) облигациялары бойынша KASE-дегі маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

27.09.21 16:21
/KASE, 27.09.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 28 қыркүйегінен бастап "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) "Банк "Bank RBK" (Алматы) KZ2C00002954 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, INBNb4) облигациялары бойынша KASE-дегі маркет-мейкер қызметін орындаудан босатылды. Осы шешім "Маркет-мейкерлер қыметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатының 3 бабына сәйкес, маркет-мейкердің өз еркімен бас тартуы себебімен қабылданды. [2021-09-27]