"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық компаниясы" АҚ компания басшылығының құрамындағы өзгертулер туралы хабарлады

27.09.21 14:39
/KASE, 27.09.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енгізілген, "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға жолдаған 2021 жылдың 27 қыркүйегіндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды: цитата басы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2021 жылғы 24 қыркүйекте Компанияның Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп басшылығының құрамындағы мынадай өзгерістерді бекіткенін хабарлайды. ЯОЦ жөніндегі бас директор Ядролық отын циклы (ЯОЦ) жөніндегі бас директор, бұрын ЯОЦ департаментінің директоры қызметін атқарған Досболат Сарымсақов Компания басшылығының сабақтастық жоспарына сәйкес ЯОЦ жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды. Досболат Сарымсақов Қазатомөнеркәсіпте 2011 жылдан бері жұмыс істейді, Қазақстанда ЯОЦ бағытын дамытуды қоса алғанда, атом саласында 26 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие, Үлбі металлургия зауыты базасында ЖБҚ өндіру зауытын салу және АЭХА-ның Төмен байытылған уран банкін (ТБУ) іске қосу сияқты бірегей халықаралық жобаларды іске асыруға белсенді қатысқан. Мемлекеттік қызметте және жеке секторда түрлі лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар Сарымсақов мырза жаңа лауазымға айтарлықтай сараптама әкеледі. Қазатомөнеркәсіпке келгенге дейін Досболат Сарымсақов Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтында инженер, «Ядролық қаруды таратпау институты» қауымдастығының (кейіннен – «Ядролық қаруды таратпауға жәрдемдесу орталығы» қауымдастығы) менеджері, соңынан атқарушы директоры болып жұмыс істеген. Өндіріс жөніндегі бас директор Аслан Бөлекбай Өндіріс жөніндегі бас директор – Қазатомөнеркәсіп басқармасының мүшесі лауазымына тағайындалды. Бөлекбай мырза Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген. АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университеті Маккомб бизнес мектебінің «Деректер туралы ғылым және машиналық оқыту» мамандығы бойынша аспирантурасынан өтті. Бөлекбай мырзаның пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы халықаралық компанияларда, оның ішінде Парсы шығанағындағы кен орындарын игеру, пайдалы қазбаларды өндіру, барлау және игеру саласындағы үздік тәжірибелерді енгізу, сондай-ақ Қазақстан, ТМД, Таяу Шығыс елдері мен Еуропадағы кен орындарының табыстылығын арттыру үшін өндіру стратегиясын әзірлеу бойынша 15 жылдан астам тәжірибесі бар. United States Patent and Trademark Office (USPTO) - да 14 патентке ие. Оның жұмыс тәжірибесі Halliburton Energy Services халықаралық компаниясының ағымын қарқындату жөніндегі инженер, Қазақстан-Британ техникалық университетінің аға дәріскері, «Bulekbay Консалтинг» компаниясының бас директоры, «Қазгеология» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі лауазымдарын қамтиды. Бөлекбай мырза сондай-ақ консалтингтік қызметтер көрсетіп, OMV Exploration & Production (Вена қ., Австрия), Saudi Aramco (Сауд Арабиясы), dno Exploration and Production (Дубай қ., БАӘ) сияқты халықаралық компанияларда түрлі лауазымдарды атқарды. Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап Аслан Бөлекбай – «Волковгеология» АҚ (бұрғылау және геологиялық барлау қызметтерін көрсететін Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны) тәуелсіз директор – Директорлар кеңесінің төрағасы. Стратегия және даму жөніндегі бас директор Оқу демалысында жүрген Стратегия және даму жөніндегі бас директор Біржан Дүйсембеков қызметінен кетті. Компания Дүйсембеков мырзаға Қазатомөнеркәсіптің табысына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Дүйсембеков мырзаның тәжірибесі активтерді қайта құрылымдау бағдарламасын іске асыруда, бірлескен кәсіпорындарды басқару бойынша корпоративтік басқару мен рәсімдерді жетілдіруде, Компанияның ірі M&A мәмілелерін тиімді іске асыруда, сондай-ақ ұзақ мерзімді құнды құруға бағытталған Компанияның стратегиясын табысты іске асыруда маңызды рөл атқарды. 2020 жылдың қарашасынан бастап (Дүйсембеков мырзаның оқу демалысы кезеңіне) Стратегия және даму жөніндегі бас директоры болған Ерлан Төлеуғожин Компания басшылығының сабақтастық жоспарына сәйкес Стратегия және даму жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында түрлі лауазымдарда 16 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар Төлеуғожин мырза «КАТКО» БК» ЖШС-ға 2018 жылы қаржы бойынша атқарушы директордың орынбасары ретінде келіп, 2019 жылы Қазатомөнеркәсіптің Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры лауазымына ауысты. HR және коммуникациялар жөніндегі бас директор Бексұлтан Бекмұратов басқа жұмысқа ауысуына байланысты HR және коммуникациялар жөніндегі бас директор қызметінен кетті. Компания SAP енгізуге және Компанияның коммуникациялық және HR стратегияларын әзірлеуге белсенді қатыса отырып, Трансформация және цифрландыру жөніндегі бағдарламалардың іске асырылуына жауапты болған Қазатомөнеркәсіптегі жұмысы үшін Бекмұратов мырзаға алғысын білдіреді. Бекмұратов мырзаның басшылығымен Қазатомөнеркәсіп басшылығы құрамындағы соңғы өзгерістер барысында өзінің тиімділігін көрсететін Компания басшылығының сабақтастық жоспары әзірленіп, бекітілді. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында: - https://kase.kz/files/emitters/KZAP/kzap_reliz_270921_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZAP/kzap_reliz_270921_eng_1.pdf ағылшын тілінде орналасқан. [2021-09-27]