"KMF (КМФ) "Микроқаржы ұйымы" ЖШС өзінің KZ2P00007883 (MFKMb1) облигацияларын 10,0 млрд теңгеге орналастырды

24.09.21 17:37
/KASE, 24.09.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) 2021 жылдың 24 қыркүйегіндегі баспасөз мәлімдемесін Биржаға ұсынып, онда былай деп хабарлады: цитатаның басы KMF микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – KMF) 2021 жылдың 23 қыркүйегінде жылдық 13 % кірістілікпен 2,679 млрд теңге көлемінде өз облигацияларын (MFKMb1, ISIN KZ2P00007883) қосымша орналастыруды жүргізді. Аталған орналастырудың андеррайтері болып "Қазақстан Халық Банкінің "Halyk Finance" еншілес ұйымы" АҚ шықты. 8 қыркүйекте KMF өз облигацияларын алғашқы орналастыру қорытындысы бойынша 7,320 млрд теңге тартты. 2021 жылдың қыркүйегінде екі шығарылымның нәтижесінде KMF Қазақстан қор биржасында (KASE) 10 млрд теңге тартты. Өтінімдер кітабын (book- building) қалыптастыру процесінде нарықтық сұраныстың жалпы көлемі институционалдық инвесторлар: сақтандыру компаниялары, инвестициялық пай қорлары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер тарапынан ұсынысқа қызығушылықты толық қанағаттандырды. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/MFKM/mfkm_reliz_240921.pdf [2021-09-24]