/KASE, 24.09.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы)
2021 жылдың 24 қыркүйегіндегі баспасөз мәлімдемесін Биржаға ұсынып, онда
былай деп хабарлады:
цитатаның басы
KMF микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – KMF) 2021 жылдың 23 қыркүйегінде
жылдық 13 % кірістілікпен 2,679 млрд теңге көлемінде өз облигацияларын
(MFKMb1, ISIN KZ2P00007883) қосымша орналастыруды жүргізді. Аталған
орналастырудың андеррайтері болып "Қазақстан Халық Банкінің "Halyk
Finance" еншілес ұйымы" АҚ шықты. 8 қыркүйекте KMF өз облигацияларын
алғашқы орналастыру қорытындысы бойынша 7,320 млрд теңге тартты.
2021 жылдың қыркүйегінде екі шығарылымның нәтижесінде KMF Қазақстан
қор биржасында (KASE) 10 млрд теңге тартты. Өтінімдер кітабын (book-
building) қалыптастыру процесінде нарықтық сұраныстың жалпы көлемі
институционалдық инвесторлар: сақтандыру компаниялары, инвестициялық
пай қорлары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер тарапынан ұсынысқа
қызығушылықты толық қанағаттандырды.
цитатаның соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/MFKM/mfkm_reliz_240921.pdf
[2021-09-24]