20 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 15-ші шығарылымын ((KZKD00001186, MUM180_0015) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

20.09.21 16:28
/KASE, 20.09.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-180 15-ші шығарылымын (KZKD00001186, MUM180_0015) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 99,6748 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,82 %) жалпы сомасы 18 971 048 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 75,9 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 19 063 511 683,5 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 (KZKD00001186, MUM180_0015)" 15-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1468563/ [2021-09-20]