17 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-072 13-ші шығарылымын (KZKD00001145, MUM072_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

17.09.21 16:33
/KASE, 17.09.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-072 13-ші шығарылымын (KZKD00001145, MUM072_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 98,8595 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,65 %) жалпы сомасы 8 944 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 119,4 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 9 167 015 302,2 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-072 (KZKD00001145, MUM072_0013)" 13-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1468466/ [2021-09-17]