Банк ВТБ (Қазақстан) Еншілес ұйымы АҚ Басқармасының мүшесі болып А. Нелина тағайындалды

16.09.21 09:22
/KASE, 16.09.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ (Алматы) 2021 жылдың 15 қыркүйегіндегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесі Анастасия Нелинаны банк Басқармасының мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Анастасия Нелина банктің қаржылық жоспарлауға, қаржылық көрсеткіштердің болжамдарына, қазынашылыққа, сондай-ақ есептілікке жауап береді. «Қаржылық жоспарлау – жедел ден қоюды және нақты стратегиялық ойлауды талап ететін банк жұмысын басқарудың басты құралдарының бірі. Қаржы саласында мол тәжірибесі бар Анастасия Нелинаның тағайындалуы ВТБ банкінің Қазақстандағы жұмысын одан әрі дамытуға және тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін", – деп атап өтті банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло. Қазіргі уақытта банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының құрамына: банктің бөлшек блогын басқаратын төрағаның орынбасары Артем Бадыков; корпоративтік-инвестициялық бизнеске жетекшілік ететін төрағаның орынбасары Арман Мангитов; Анастасия Нелина – қаржы департаментінің директоры және Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло кіреді. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы: - https://kase.kz/files/emitters/BVTB/bvtb_reliz_150921_kz.pdf сілтемесі бойынша. [2021-09-16]