"Самұрық-Энерго" АҚ Алматы ТЭЦ-2 ЖЭО газдандыру жұмысын аяқтағаны туралы хабарлады

15.09.21 17:25
/KASE, 15.09.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға 2021 жылдың 15 қыркүйегінде ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы «Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып жаңғырту» жобасы бойынша іс-шаралар аяқталу үстінде. Қазіргі таңда «КазНИПИЭнергопром»» АҚ жобалау институты аталған жобаның техникалық экономикалық негіздемесін (ары қарай – ТЭН) нақтылау жұмысын аяқтап, 2021 жылдың соңына дейін «Мемсараптама» РМК-дан оған қатысты оң қорытынды алуды көздеп отыр. Бүгінде, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жасаған Жолдауындағы тапсырмаларын орындау аясында, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары Алматы қаласында және Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруда. цитата соңы Хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_150921_kz.pdf жарияланған. [2021-09-15]