15 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП KASE ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ИНДИКАТОРЛАРЫН – TONIA COMPOUNDED INDEX ЖӘНЕ TONIA COMPOUNDED RATE ЕСЕПТЕУДІ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАУДЫ БАСТАЙДЫ

15.09.21 11:31
/KASE, 15.09.21/ – 2021 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) өзінің интернет-сайтында қаржы нарығының жаңа индикаторы негізінде туынды индикаторларын TONIA – TONIA Compounded Index (TCI) и TONIA Compounded Rate (TCR) тұрақты түрде жариялауды бастайды. TONIA Compounded Index Индикаторы әрбір күнтізбелік күнге есептелетін TONIA композиттік индексін көрсетеді. TONIA Compounded Rate ол да бір, үш және алты ай мерзіммен жылжымалы кезеңге әрбір күнтізбелік күнге есептеледі. Бұл көрсеткіштер Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қатысуымен ақша нарығының индикаторлары бойынша жұмыс тобы шеңберінде орташа мәндер бойынша эталондық пайыздық мөлшерлемелерді есептеуге ұқсастығы бойынша әзірленді. SOFR индексі (бұл индекстің әкімшісі - АҚШ Федералдық резервтік банкі) және ICE SONIA (әкімшісі - Англия банкі). Жаңа индикаторлар TONIA Compounded Index және TONIA Compounded Rate қаржылық өнімдерге бағаны қалыптастыруда бағдар ретінде қызмет етеді және қаржы нарығының қатысушыларына өнім түрлерін әртараптандыруға мүмкіндік береді. KASE интернет-сайтында TONIA Compounded Index және TONIA Compounded Rate "Қаржы нарығы индикаторлары" бөлімінде жарияланады – https://kase.kz/ru/money_market/ Бұрын хабарлағандай,, 2021 жылдың 15 қыркүйегінен бастап TONIA Compounded Index и TONIA Compounded Rate есептеу тәртібін анықтайтын, KASE ішкі құжаты "Қаржы нарығы индикатрларын есептеу әдістемесі қолданысқа енгізіледі Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жақында "KASE Ережелері" бөлімінде жарияланатын болады – https://kase.kz/ru/kase_rules/ [2021-09-15]