14 қыркүйектен бастап "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ KZ2C00008068 (FRMPb3) әлеуметтік облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңның "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

14.09.21 18:03
/KASE, 14.09.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2021 жылдың 13 қыркүйегінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00008068 (FRMPb3; 1 000 тенге, 1,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша өткен бірінші сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360) әлеуметтік облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімі 2021 жылдың 14 қыркүйегінен бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/FRMP/ [2021-09-14]