"Самұрық-Энерго" АҚ Екібастұз МАЭС қуатын арттыру жобалары туралы хабарлады

14.09.21 15:56
/KASE, 14.09.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2021 жылдың 14 қыркүйегіндегі баспасөз мәлімдемесін Биржаға ұсынды, онда келесі хабарланады: цитатаның басы Қазақстандық "Самұрық-Энерго" электр энергетикалық холдингі Екібастұз ГРЭС-2 станциясында жаңа энергия блогын салу жұмыстарын жүргізіп, Екібастұз ГРЭС-1 нысанындағы 8 энергия блоктың соңғысын қалпына келтіруде. "Қазақстанда қазір электр энергиясына деген сұраныс жоғары қарқынмен өсіп келеді. Осы орайда аталған жобаларды сәтті іске асырып, электр қуатының резервін құру – тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтау сенімділігін айтарлықтай арттырады" - деді, бүгін "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Тютебаев Серік Сүйінбекұлы Екібастұз энергия кешенінің кәсіпорындарына барған жұмыс сапары барысында. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы KASE интернет-сайтында орналастырылған: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_140921_2kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_140921_2.pdf – орыс тілінде. [2021-09-14]