Тамыз айында Биржада акциялармен жасалған мәмілелерге қатысқан жеке тұлғалардың шоттарының саны 4,9 % өсті

14.09.21 15:41
/KASE, 14.09.21/ – 2021 жылдың тамыз айында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен жасалған мәмілелерге қатысқан жеке тұлғалардың шоттарының саны алдыңғы айға қарағанда 4,9 % ұлғайды. Акциялардың брутто-айналымындағы жеке тұлғалардың ақшалай мәндеге үлесі 2021 жылдың шілде айындағы 45,4 %-дан 44,9 %-ға дейін артты. Тамыз айының аяғында "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – ОД) мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына ашылған жеке шоттардың жалпы саны 188 009 болды, бұл алдыңғы айдың соңына қарағанда 6 445 шотқа артқанын көрсетеді. Төменде жеке тұлғалардың ОД-да ашылған, KASE акцияларындағы сауда- саттыққа тартылған шоттары ("Мәмілелердегі шоттар") санының динамикасы, осындай шоттардағы акциялармен сауда-саттықтың брутто- айналымы, олардың көрсетілген айдағы акциялармен сауда-саттықтың жалпы брутто-айналымындағы мәмілелер үлесі туралы ақпарат келтірілген. ----------------------------------------------------------------- 2020 ОД шоттары Мәмілелер саны* Брутто-айналым, Жалпы жылдың млрд теңге* брутто айы айналымдағы, %* ------ ---------- --------------- --------------- --------------- Қаңтар 136 685 5 262 7,5 52,7 Ақпан 140 664 5 554 6,1 42,5 Наурыз 150 180 5 982 6,0 47,6 Сәуір 162 443 8 437 7,2 50,3 Мамыр 171 325 7 630 4,5 54,4 Маусым 176 493 9 060 7,6 37,9 Шілде 181 564 7 671 11,9 44,9 Тамыз 188 009 8 045 10,9 45,4 ----------------------------------------------------------------- *арнайы мамандандырылған сауда-саттықты, ірі мәмілелерді қоспағанда. [2021-09-14]