/KASE, 14.09.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға 2021
жылдың 14 қыркүйегінде ақпараттық хабарлама ұсынды:
цитата басы
2022 жылдың үшінші тоқсанында Екібастұз қаласындағы «Богатырь» ірі кен
орнында көмір өндіру мен тасымалдаудың жаңа технологиясын іске қосу
жоспарлануда. Осыдан кейін «Богатырь Көмір» ЖШС-ның өндірістік қуаты
жылына қазіргі 42 млн.тоннадағы көрсеткіштен 50 млн. тоннаға дейін өспек.
Бұл туралы бүгін Екібастұз энергия кешені кәсіпорындарына жасаған жұмыс
сапары барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Өндіріс және активтерді
басқару жөніндегі басқарушы директоры Тютебаев Серік Сүйінбекұлы айтып
берді.
Оның айтуынша, «Богатырь» разрезінде жүзеге асырылатын «Көмір
өндірудің циклдық-ағындық технологиясы» жобасы өнімнің сапалық
сипаттамаларын да жақсартады, әрі еңбек өнімділігін арттырады, сондай-ақ
көмір өндірісінің өзіндік құнын төмендетеді. Естеріңізге сала кетсек,
«Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз көмір бассейнінің екі разрезінде,
«Богатырь» және «Северный» нысандарында, көмір ашық тәсілмен
өндіріледі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты - жылына 42 млн.тонна көмір,
оның ішінде «Богатырь» разрезі бойынша - 32 миллион тонна (ЦАТ іске
қосылғаннан кейін – 40 млн. тонна), «Северный» разрезі бойынша - 10
миллион тонна.
цитата соңы
Хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында:
https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_140921_kz.pdf жарияланған.
[2021-09-14]