13 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 18-ші шығарылымын ((KZKD00001137, MUM084_0018) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

13.09.21 16:28
/KASE, 13.09.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-084 18-шы шығарылымын KZKD00001137, MUM084_0018) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 99,1407 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,56 %) жалпы сомасы 10 193 231 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 (KZKD00001137, MUM084_0018)" 18-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1468167/ [2021-09-13]