08 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 19-шығарылымын (KZKD00001129, MUM120_0019) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

08.09.21 15:55
/KASE, 08.09.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-120 19-шы шығарылымын (KZKD00001129, MUM120_0019) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 97,8946 % қалыптасқан таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,64 %) жалпы сомасы 10 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 50,0 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 10 278 710 000,0 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 19 шығарылымын (KZKD00001129, MUM120_0019) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/kz/news/show/1467979/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2021-09-08]