"Fincraft Resources" АҚ акционерлері 2020 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

08.09.21 11:18
/KASE, 08.09.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft Resources" АҚ (Алматы) 2021 жылдың 25 тамызында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы Биржаға хабарлады. Акционерлер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2020 жылғы қаржылық есебін бекіту; - шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің қорытындылары бойынша кірістің болмауына байланысты компанияның 2020 жылға арналған жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібінің он мәселе бойынша шешім қабылданды. Осы ақпарат орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/SATC/satc_annual_shareholders_meeting_results_250821_106.pdf [2021-09-08]