/KASE, 08.09.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
(KASE) жүйесінде "KMF (КМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы)
(KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFKMb1) облигацияларын
орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (Нұр-Сұлтан қ.
уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
----------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00007883
KASE сауда-саттық коды: MFKMb1
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 10 000 000 000
– орналастырылған: –
Айналыста болудың басталуы: облигацияларды
орналастыру бойынша
алғашқы сауда-саттық
өткізу күні
Айналыста болудың соңғы күні: Кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні: Кейінірек анықталады
Айналыста болу мерзімі: 2 жыл (720 күн)
Купон мөлшерлемесі облигацияларды
орналастыру бойынша
алғашқы сауда-саттық
өткізу күні
Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет
Купон төлеуді бастау күні: Кейінірек анықталады
Уақыттық базасы: 30 / 360
---------------------------------------------- -----------------------
Сауда-саттық күні: 08.09.21
Жарияланған орналастыру көлемі, теңге 7 000 000 000
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–15:00
Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–15:30
Кесімдеу уақыты: 16:30 (Т+0)
Төлеу күні мен уақыты: 08.09.21, 16:30
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу
бағасына тең немесе
төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі Сауда-клирингілік
өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: жүйелерде сауда-саттық
жүргізу әдістері туралы
қағиданың 28 бабы
6 тармағына сәйкес
Сауда-саттық бастамашысы "Сентрас Секьюритис" АҚ
----------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде, облигациялардың номиналды құнынан пайызбен
көрсетілген, үтірден кейінгі төртнші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне
тең немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және
бір облигацияның "таза емес" бағасының туындысы (жинақталған сыйақыны
ескере отырып) көрсетілуі тиіс.
Мәміленің көлемі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield_new_kz.pdf
сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және
облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің
4 тарауына сәйкес есептеледі.
Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз
ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар
депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз
етуі тиіс.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы
қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kz.pdf сілтемесі
бойынша танысуға болады.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат сілтемесі
бойынша жарияланған.
[2021-09-08]