06 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында МЕОКАМ-060 52-ші шығарылымын ((KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді

06.09.21 16:42
/KASE, 06.09.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕОКАМ-060 52-ші шығарылымын (KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 20 503 390 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімді бағаны номиналдан 99,9805 %деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 10,50 %). KASE мәліметтері бойынша ұсынысқа сұраныс 140,3 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 20 503 390 000 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕОКАМ-060 52-ші шығарылымын KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы мына сілтеме бойынша KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1467761/ [2021-09-06]