"Атамекен-Агро" АҚ акционерлері 2020 жылға жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

03.09.21 11:01
/KASE, 03.09.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау), 2021 жылдың 20 тамызында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: - компанияның 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту; - компанияның жай акциялары бойынша компанияның таза табысы болмағандықтан, дивидендтерді төлемеу. Толық ақпарат жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KATR/katr_annual_shareholders_meeting_results_200821_0427.PDF [2021-09-03]