2021 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚЫРКҮЙЕГІНЕН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE_BM* СЕРИЯСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ 51 АТАУЛЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

01.09.21 15:29
/KASE, 01.09.21/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2021 жылдың 01 қыркүйегінен бастап, келесі облигацияларды KASE_BM* сериясы индикаторларын есептеу үшін өкілеттік тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: 1) "Банк ЦентрКредит" Ақ KZ2C00000560 (CCBNb20) облигациялары олар бойынша маркет-мейкер болмағандықтан, KASE_BM* индикаторлар сериясынан есептеулер үшін өкілеттік тізімінен шығарылсын; 2) "Қазақстан тұрақтылық қоры" АҚ KZ2C00007458 (KFUSb12), KZ2C00007516 (KFUSb18), KZ2C00007573 (KFUSb24) және Банк ВТБ (Қазақстан) KZ2D00006517 (BVTBb6) Еншілес ұйымы KASE_BM* индикаторлар сериясынан есептеулер үшін өкілеттік тізімінен шығарылсын. Аталмыш облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді. Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын есептеуге арналған өкілетті тізімдерді қайта қарап отырады: 1) негізгі сауда-саттық алаңының (серия KASE_BM*) – KASE_BMC таза бағалар индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы; 2) альтернативті сауда-саттық алаңының (серия KASE_BA*) – KASE_BAC таза бағалар индексі және KASE_BAY кірістілік индикаторы. 2021 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілетті тізімі 51 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BA* сериясы индикаторларының тізіміне енгізетін альтернативтік сауда-саттық алаңының облигациялары жоқ. KASE_BA* сериясының индикаторларын есептеу 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап, аталмыш индикаторларды есетеу үшін іріктелімнің жоқ болуына байланысты, тоқтатылғанын еске саламыз, себебі Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың саны төрттен кем болмауы тиіс. Аталмыш тізімдерді KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ мекен-жайында қарауға болады. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2021-09-01]