"KMF (КМФ)" Шағын қаржы ұйымы ЖШС KZ2C00007953 (AGKKb20) және KZ2C00007961 (AGKKb21) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

31.08.21 14:36
/KASE, 31.08.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылғы 31 тамызындағы шешімімен "KMF (КМФ)" шағын қаржы ұйымы ЖШС (Алматы) KZ2P00007883 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 2019 жылдың 11 тамызында 20,0 млрд теңгеге "KMF (КМФ)" шағын қаржы ұйымы ЖШС төртінші облигациялық бағдарлама аясында жетінші және сегізінші болып табылады. "KMF (КМФ)" шағын қаржы ұйымы ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы (Алматы) "BCC Invest" болып табылады. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда коды) MFKMb1 берілді. "KMF (КМФ)" шағын қаржы ұйымы ЖШС негізгі қызмет түрі шағын несие ұсыну болып табылады. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2021-08-31]