ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ өзінің KZ2C00003663 (BVTBb4) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

31.08.21 09:30
/KASE, 31.08.21/ - ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ (Алматы) 2021 жылдың 27 тамызында өзінің KZ2C00003663 (BVTBb4) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 8 288 211 948,50 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 7 931 303 300,00 теңгені, купондық сыйақысы – 356 908 648,50 теңгені құрады. [2021-08-31]