"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық компаниясы" АҚ 2021 жылдың 02 қыркүйегінен бастап Басқарма Төрағасы Г.О.Пирматов өкілеттігін тоқтатқаны туралы хабарлады

27.08.21 14:15
/KASE, 27.06.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енгізілген, "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға жолдаған 2021 жылдың 27 тамызында баспасөз мәлімдемесін ұсынды: цитата басы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Компанияның Басқарма Төрағасы қызметінен 2021 жылдың 02 қыркүйектен бастап өз еркімен кететіні туралы хабарлайды. ЯОЦ жөніндегі бас директоры Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов Басқарма төрағасының міндетін атқаратын болады. «Самұрық-Қазына» АҚ атынан Пірматов мырзаға өз ісіне берілгендігі және жұмыс кезеңде Компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді,- деп атап өтті "Самұрық - Қазына" АҚ-ның Басқарма Төрағасы Алмасадам Майданұлы Сатқалиев. - Бізге оның уран саласындағы баға жетпес тәжірибесі мен айрықша нәтижелерге қол жеткізу бейілділігі жетпейтіні сөзсіз. "Самұрық-Қазына" АҚ атынан және жеке өз атымнан Ғалымжан Олжайұлына бар жақсылық пен болашақта табыс тілеймін». цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/KZAP/kzap_reliz_270821_1.pdf [2021-08-27]