"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ 2020 жылға KZ000A1CTM59 (UTMK) жай және KZ000A1CTM67 (UTMKp) артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеуді көздеп отыр

24.08.21 17:06
/KASE, 24.08.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2020 жылға өзінің акциялары бойынша дивиденд төлеуді көздеп отырғаны туралы хабарлады: - бір акцияға 700 теңге көлемінде KZ000A1CTM59 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, UTMK) жай акциялары; - бір акцияға 705 теңге көлемінде KZ000A1CTM67 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, UTMKp) артықшылықты акциялары. Ақпаратқа сәйкес "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап дивиденд төлеу жүргізіледі. Артықшылықты акциялар бойынша дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2021 жылдың 25 тамызындағы жағдай бойынша жасалады. [2021-08-24]