24 тамыздан бастап "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ KZ2C00007631 (KZIKb35) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

24.08.21 10:50
/KASE, 24.08.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 12 тамызындағы шешімімен "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2С00007631 (KZIKb35, 1 теңге, 1,6 млрд теңге; 360 ай, тоқсандық купон, жылдық 0,10 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Листинг комиссиясының осы шешімі 2021 жылдың 24 тамызынан бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/KZIK/ [2021-08-24]