АНОНС: 27 ТАМЫЗДА KASE АҚТӨБЕ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ҮШІН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗЕДІ

23.08.21 12:18
/KASE, 23.07.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 27 тамызында Ақтөбе және Қызылорда облысының кәсіпкерлері, Ақтөбе және Қызылорда облысының "Атамекен" РКП, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық өкілдері мен аймақтың компания басшылары, сондай-ақ компанияның қаржы және заң бөлімшелерінің қызметкерлері үшін онлайн форматта дөңгелек үсел өткізетіні туралы хабарлады. Іс-шараның өтетін уақыты (Ақтөбе және Қызылорда қаласы) уақытымен сағат 10:00 -ден 11:45 -ке дейін. Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлер мен компаниялардың басшылары қор нарығының құралдары арқылы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерімен таныса алады. KASE өкілдері компанияға жоспарларды әзірлеу мен жүзеге асыру үшін капиталды көбейтуге мүмкіндік беретін қаржыландыру құралдары және қор биржасына кіру критерийлері туралы әңгімелеседі. Іс-шараға қатысу үшін мына сілтемеге өтіп тіркелу қажет https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeWEf8jroUhMYV0QacjseZitUYycqWhPIHQGmpZXocKZhw9bw/viewform?usp=pp_url немесе customers@kase.kz. мәлімет жіберу қажет (аты-жөні, компания, лауазымы, электрондық пошта мекен-жайы). Барлық ұйымдастыру мәселелері бойынша Қалитова Айнұрға хабарласу қажет: тел: +7 (727) 237 5320, +7 701 401 38 04; электрондық пошта мекен-жайы: customers@kase.kz, a.kalitova@kase.kz. [2021-08-23]