"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Шығыс Қазақстан облысында Тұрғысын СЭС-ы пайдалануға бергені туралы хабарлады

18.08.21 15:50
/KASE, 28.06.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2021 жылдың 18 тамызындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитатаның басы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, Банк, ҚДБ) қаржылық қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Тұрғысын өзенінде шағын су электр станциясының (СЭС) құрылысы аяқталды. СЭС құрылысын жүзеге асыру жобасы «Тұрғысын-1» ЖШС болып табылады, СЭС қуаты 24,9 МВт, оны іске қосу өңірдегі электр энергиясы тапшылығын жылына 79,8 млн киловатт сағатқа қысқартуға, онымен қоса көмірқышқыл газы шығарындылары көлемін жылына 680 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. 2021 жылдың шілдесінде Тұрғысын су электр станциясы коммерциялық пайдалануға берілді. Сатып алушының пайдасына электр энергиясын өндіру («Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу- қаржы орталығы» ЖШС) шілде айында 2,3 млн кВтс құрады. цитатаның соңы [2021-08-18]