13 тамызда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 16-шы шығарылымын (KZKD00000865, MUM120_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

13.08.21 16:44
/KASE, 13.08.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-120 16-шы шығарылымын (KZKD00000865, MUM120_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 90,3221 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,40 % ) жалпы сомасы 25 218 216 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 2,6 есе құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 23 188 567 652,4 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 (KZKD00000865, MUM120_0016)" 16-шы шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1466221/ [2021-08-13]