04 тамыздан бастап Австрия Республикасының AT0000A2HLC4 (AT_01_2006) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторына енгізілді

13.08.21 11:50
/KASE, 04.08.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 04 тамызынан бастап Австрия Республикасының AT0000A2HLC4 (3 750 000 000 еуро, 30.06.2020 – 30.06.2120; жылдық купон, жылдық 0,85 %, actual/actual) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізуге келісім берілді. Аталмыш облигациялардың іске қосу бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы). Осы облигацияларға AT_01_2006 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында құрылысты қаржыландыру мақсатында шығарылды. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/gsecs/show/AT_01_2006/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2021-08-13]