"Самұрық-Энерго" АҚ Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында электр энергиясы мен көмір өңдегені туралы хабарлады

10.08.21 11:47
/KASE, 10.08.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы Қазақстан Республикасының барлық электр станциялары 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 57 325,4 млн.кВтс электр энергиясын өндірді, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға артық. Қазақстанның Бірыңғай энергия жүйесінің (БЭЖ) барлық аймағында өндіру мөлшерінің өсімі байқалып отыр. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Нарықты дамыту» департаментінің Жүйелік оператордың деректеріне сүйене отырып әзірлеген 2021 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстандағы электр энергиясы мен көмір нарығына талдамалық шолуда хабарланды. «Самұрық-Энерго» АҚ Энергия энергия өндіруші ұйымдарының электр қуатын өндіру көлемі осы аталған кезеңде 17 891,1 млн.кВтс құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштерден 25,8%-ға артық. Оның үстіне, жүргізілген талдауларға сүйенсек, республиканың электр энергиясын тұтыну көлемі 2021 жылғы қаңтар-маусымда 2020 жылғы қаңтар- маусымдағы көрсеткіштермен салыстырғанда 6%-ға өскенін байқалады. Мәселен, республиканың солтүстік аймағында тұтыну 6%-ға, оңтүстігінде 10%-ға, ал батысында 2%-ға өскен. цитата соңы Хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_100821_kz.pdf жарияланған. [2021-08-10]