Freedom Holding Corp. 2021 жылдың 30 маусымына аяқталған 2022 жылдың бірінші тоқсанынан қаржылық жылға қаржы нәтижелері туралы жариялады

10.08.21 10:20
/KASE, 10.08.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Freedom Holding Corp. (Солт-Лейк-Сити), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 09 тамызындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Freedom Holding Corp. (әрі қарай – Холдинг) 2021 жылдың 30 маусымына аяқталған 2022 жылдың бірінші тоқсанына қаржылық жылға қаржы нәтижелері туралы хабарлады. Аталмыш кезеңге негізгі көрсеткіштер: 1) 2020 және 2021 жылдың 30 маусымына аяқталған жылдары Холдингтің түсімі $124 млн және $56 млн сәйкесінше құрады. $68 млн немесе 120% өсім негізінен үшінші тоқсанда комиссиялық табыстың 125% немесе $54 млн өсуі есебінен болды, $43 млн-нан $97 млн-ға дейін, сондай-ақ сауда- саттық бағалы қағаздарының 325%, немесе $14 млн, $4 млн-нан $18 млн.-ға дейін өсімнің өсуі есебінен болды. 2) Холдингтің шығыны $39 млн немесе 142% артты, оның себебі: a) клиенттер мен олар жасаған мәмілелердің көлемі өсуі есебінен комиссия бойынша шығын $12 млн артты; b) РЕПО келісімдері арқылы тартылған қысқа мерзімді қаржыландырумен байланысты шығындардың өсуі, көбінесе банктік және брокерлік шоттарда клиенттік қалдықтар бойынша пайыздық шығындарының өсуімен байланысты пайыздық шығыны $11 млн артуы; c) операциялық шығындардың $16 млн өсуі, көбінесе Компания қызметін кеңейту нәтижесінде жалпы әкімшілік шығындар бойынша. 3) 2020 және 2021 жылдың 30 маусымына аяқталған жылдарға: a) Холдингтің таза табысы $52 млн және $24 млн сәйкесінше құрады; b) акциялардың орташа сараланған санынан шыққан Холдинг акциясының табысы 58 және 59 млн дана, сәйкесінше $0,87 және $0,42 құрады; c) өзге жиынтық кірісі $55 млн және $33 млн сәйкесінше құрады. 4) 2021 жылдың 30 маусымына аяқталған жылдың ішінде Холдингтің активтері мен міндеттемелері сәйкесінше $109 млн және $52 млн. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы интернет-сайтта жарияланған – https://kase.kz/files/emitters/US_FRHC/us_frhc_reliz_090821_1.pdf [2021-08-10]