KEGOC" АҚ KZ2C00007797 (KEGCb4) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

10.08.21 09:26
/KASE, 10.08.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылғы 09 тамызындағы шешімімен KEGOC" АҚ (Нұр- Сұлтан) KZ2C00007797 (1 000 теңге, 35,0 млрд теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. аталмыш облигацияларының шығарылымы "KEGOC" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде 2015 жылдың 20 қаңтарында жалпы сомасы 80,0 млрд теңгеге тіркелген бесінші болып табылады болып табылады. "KEGOC" АҚ қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы). Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда коды) берілді KEGCb4. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2021-08-10]