"Фридом Финанс" АҚ компания филиалдарының құқықтық формасын қайта құру процесін іске қосқаны туралы хабарлады

03.08.21 19:19
/KASE, 03.08.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Фридом Финанс" АҚ Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады: ... Бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында Freedom Finance АҚ компания филиалдарының құқықтық нысанын қайта құру процесін бастады. Енді қалалардағы өкілдіктер аймақтық желі форматында ұсынылған. Жұмыс кестесі, компанияның аймақтық желісі көрсететін қызметтер тізімі өзгеріссіз қалады. Заңды форманың өзгеруі тұтынушыларға қызмет көрсету алгоритміне немесе бизнес -процестерге ешқандай әсер етпейді. Freedom Finance АҚ қызметкерлері әдеттегідей жұмысын жалғастырады. ... Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffin_reliz_030821.pdf [2021-08-03]