"Атамекен-Агро" АҚ 2021 жылдың 20 тамызында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізеді

04.08.21 14:51
/KASE, 04.08.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2021 жылдың 20 тамызында сағат 15:00 акционерлердің сырттай дауыс беру арқылы жылдық жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: - компанияның 2020 жылға қаржылық есептілігін бекіту туралы; - компанияның 2020 жылға таза табысын бөлу тәртібін және компанияның бір жай акциясына дивиденд көлемін анықтау және компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге шешім қабылдау туралы; - компанияның 2020 жылға аудит жүргізуші компаниясын анықтау туралы. Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/KATR/katr_annual_shareholders_meeting_info_200821_0357.pdf [2021-08-04]