/KASE, 30.07.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Нұр-Сұлтан), Директорлар кеңесінің
2021 жылдың 30 шілдесіндегі баспасөз хабарламасын Биржаға ұсынды:
...
Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық
көшесі, 8/1 (әрі қарай – Банк) мекен-жайында орналасқан "ForteBank" АҚ,
Банк басқармасының құрамындағы өзгертулер туралы хабарлады.
Банктің Директорлар кеңесінің (2021 жылғы 29 маусымдағы № 20 хаттама)
шешіміне сәйкес, 2021 жылғы 30 шілдеден бастап Андроникашвили Гурамның
Банк Директорлар кеңесінің мүшесі, Банктің акционері Болат Жәмитұлы
Өтемұратовтың мүддесінің өкілі болып сайлануына байланысты, Банктің
Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.
Банктің Директорлар кеңесі "ForteBank" АҚ Басқарма Төрағасының міндетін
атқарушы етіп 2021 жылғы 02 тамыздан бастап, бұрын Банк Басқармасы
Төрағасының орынбасары қызметін атқарған Нұрымбет Шолпан Мұқашқызын
тағайындады.
...
Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_300721_2.pdf
[2021-07-30]