30 шілдеден бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00007714 (CCBNb33) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді

30.07.21 11:25
/KASE, 30.07.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 29 шілдесіндегі шешімімен "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00007714 (CCBNb33; 100 теңге, 20,0 млрд теңге; 7 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 11,50 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар "санаты бойынша енгізілді. Листинг комиссиясының осы шешімі 2021 жылдың 30 шілдесінен бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/CCBN/ [2021-07-27]