29 шілдеде Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 16-шы шығарылымын (KZKD00000865, MUM120_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

29.07.21 18:06
/KASE, 29.07.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-120 16-шы шығарылымын (KZKD00000865, MUM120_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 90,5334 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,30 %) жалпы сомасы 7 320 933 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 100,1 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 6 718 669 125,8 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 (KZKD00000865, MUM120_0016)" 16-шы шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1465166/ [2021-07-29]