29 шілдеде Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын (KZKD00001152, MUM132_0007) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

29.07.21 17:33
/KASE, 29.07.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын (KZKD00001152, MUM132_0007) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 99,9956 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,65 %) жалпы сомасы 20 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 100,0 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 20 016 870 000,0 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-132 (KZKD00000105, MUM180_0001)" жетінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1465165/ [2021-07-29]