28 шілдеде Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-096 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

28.07.21 17:07
/KASE, 28.07.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-096 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 10,55 % таза бағамен жалпы сомасы 21 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 70,0 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 21 000 000 000,0 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-096 (KZKD00001160, MUM096_0012)" 12-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1465076/ [2021-07-28]