28 шілдеде Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 бірінші шығарылымын (KZKD00000105, MUM180_0001) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

28.07.21 16:52
/KASE, 28.07.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-180 бірінші шығарылымын (KZKD00000105, MUM180_0001) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 94,6784 %таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,30 %) жалпы сомасы 32 452 676 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердің орташа сараланған таза бағасы номиналдан жылдық 95,1399 % (кірістілігі – жылдық 10,10%). KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 108,2 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 31 368 893 558,8 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 (KZKD00000105, MUM180_0001)" бірінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1465075/ [2021-07-28]