"Самұрық-Энерго" АҚ Екібастұз ГРЭС-1 станциясында Б.Нұржанов атындағы энергия блогы қалпына келтірілетіні туралы хабарлады

28.07.21 12:16
/KASE, 28.07.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясында қуаттылығы 500 МВт болатын № 1 энергоблокты қалпына келтіру жобасын іске асыру аясында бөлшектеу жұмыстары 100% аяқталып, жаңа технологиялық жабдықтарды орнату басталды. Қайта жаңартылған энергия блогын пайдалануға беру және іске қосу 2023 жылғы желтоқсанға белгіленіп отыр. Станцияға иелік ететін «Самұрық-Энерго» АҚ бұл жобаға үлкен мән береді. Осы жобаны табысты іске асыру, сондай-ақ компанияның өзге де энергетикалық нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстар сала бойынша орын алып отырған электр қуатының тапшылығын азайтуға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға тиіс. Соңғы төрт жыл ішінде (2017-2020жж.) республикада электр тұтынудың орташа өсімі 4%-ды құрап, жыл сайын электр қуатына деген қажеттіліктің шамамен 600 МВт-қа өсіп отырғаны белгілі. Мамандар қолда бар қуат резервтерінің азайып бара жатқандығын айтуда. Электр қуатының болжамды теңгерімі Қазақстанда 2023 жылдан бастап өндірістік қуат тапшылығы болатынын көрсетіп отыр, ал реттеу қуатының тапшылығы қазірдің өзінде байқалуда. Жүйелік оператордың ақпараты бойынша 2020- 2021 жж. күзгі-қысқы кезеңнен өту барысында ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) жұмыс қуатына қатысты нақты резерв 600 МВт құрады. Саладағы сарапшылар ағымдағы қарқын сақталған жағдайда, келесі жылыту кезеңінде ҚР БЭЖ-де қуат резервтері болмай қалуы мүмкін, бұл электрмен жабдықтаудағы шектеулерге әкеп соқтыратыны сөзсіз. цитата соңы Хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_280721_kz.pdf жарияланған. [2021-07-28]