27 шілдеде Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 16-шығарылымын (KZKD00000865, MUM120_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

27.07.21 17:47
/KASE, 27.07.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-120 16-шығарылымын (KZKD00000865, MUM120_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 90,5234 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,30 %) жалпы сомасы 15 000 851 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердің орташа сараланған таза бағасы номиналдан жылдық 90,6436 % (кірістілігі – жылдық 10,26 %). KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 60,0 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 13 777 315 589,0 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 (KZKD00000865, MUM120_0016) 16-шы шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1465001/ [2021-07-27]