/KASE, 27.07.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
(KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін
МЕУКАМ-120 16-шығарылымын (KZKD00000865, MUM120_0016)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша
қалыптасқан номиналдан 90,5234 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық
10,30 %) жалпы сомасы 15 000 851 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердің орташа сараланған
таза бағасы номиналдан жылдық 90,6436 % (кірістілігі – жылдық 10,26 %).
KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 60,0 % құрады,
қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 13 777 315 589,0 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық
жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
"Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 (KZKD00000865,
MUM120_0016) 16-шы шығарылымын орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы
KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/ru/news/show/1465001/
[2021-07-27]