27 шілдеден бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00007763 (FIVEb2) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді

27.07.21 16:45
/KASE, 27.07.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 27 шілдесіндегі шешімімен "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) KZ2C00007763 (FIVEb2; 100 теңге, 100,0 млн теңге; 12 ай; тоқсандық купон, жылдық 15,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар "санаты бойынша енгізілді. Листинг комиссиясының осы шешімі 2021 жылдың 27 шілдесінен бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/FIVE/ [2021-07-27]