26 шілдеде Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-132 (KZKD00001152, MUM132_0007) жетінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді

26.07.21 17:36
/KASE, 26.07.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-0132 (KZKD00001152, MUM132_0007) жетінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент кесімді бағаны номиналдан 10,65 % деңгейінде белгілей отырып, номиналдық құны бойынша 12 500 000 000,0 теңге жалпы сомасына өтінімдерді қанағаттандырды. KASE мәліметтері бойынша сұраным ұсынымға 72,5 % құрады. Сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен) KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижесі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек орналастырылады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-072 (KZKD00001145, MUM072_0013) 13-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" атты KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1464914/ мекен-жайында жарияланған. [2021-07-26]