23 шілдеде Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 16-шығарылымын (KZKD00000865, MUM120_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

23.07.21 17:48
/KASE, 23.07.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-120 16-шығарылымын (KZKD00000865, MUM120_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 91,1634 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,07 %) жалпы сомасы 4 104 566 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 38,2 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 3 787 833 060,0 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 (KZKD00000865, MUM120_0016) 16-шs шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1464803/ [2021-07-23]