22 шілдеден бастап "Тойота Файнаншл Сервисез Казахстан" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00007776 (MFTFb1) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

22.07.21 18:00
/KASE, 22.07.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 22 шілдесіндегі шешімімен "Тойота Файнаншл Сервисез Казахстан" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00007776 (MFTFb1; 1 000 тенге, 5,0 млрд тенге; 5 жыл; жартыжылдық купон облигацияларын орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар "санаты бойынша енгізілді. Листинг комиссиясының осы шешімі 2021 жылдың 22 шілдесінен бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/MFTF/ [2021-07-22]